Аудан әкімі қарамағындағы қызметкердің жемқорлық жасағаны үшін жұмысынан босатылды

Аудан әкімі қарамағындағы қызметкердің жемқорлық жасағаны үшін жұмысынан босатылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова қызметінен босатылды. 

Тамара Рахымжанова қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болғаны анықталғаннан кейін қызметінен кетті. Бұл туралы аудан әкімі өзінің Instagram парақшасында жариялады.

– Менің орынбасарларымның бірінің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болғаны анықталды. 2021 жылғы 19 қарашада аудан әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс бойынша Шығыс Қазақстан апелляциялық сотының үкімі шығарылды. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметімнен кеттім, – деп түсіндірді Тамара Рахымжанова.