Cемейде келер жылы 30 млрд теңгеге жаңа көпір салынады

Cемейде келер жылы 30 млрд теңгеге жаңа көпір салынады

Cемейде апатты жағдайда тұрған ескі көпірдің орнына келер жылы жаңа өткел салынады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24 Алтайньюске сілтеме жасап.

Жаңа көпірдің құрылысына үшін 30 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Қазір жоба сараптамадан өтіп жатыр.

Қолданыста тұрған өткел 57 жыл бұрын пайдалануға берілгенін айта кетейік. Апатты жағдайда деп танылғалы бірнеше жыл болды. Әбден тозған көпірдің жақтаулары мен бетондары шіріп, бірнеше рет көлік де құлап кеткен. Одан бөлек 20 жыл бұрын салынған аспалы көпірдің де жағдайы белгісіз. Ол техникалық тексеруден мүлдем өтпеген. Енді өткелге жазда жапондық мамандар сараптама жасамақ.

– Көпір құрлысы келесі жылы басталады. Қомақты қаржы бөлінбек. Ал ескі көпір бұзылмайды. Ол болашақта жаяу жүргіншілер өткелі ретінде қолданыста қала береді. Осы уақытқа дейін бір рет те техникалық тексеруден өтпеген аспалы көпірдің ақауын анықтаймыз, – деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Баяхметов.