Биыл 977 мың отбасы баспанамен қамтылды

Биыл 977 мың отбасы баспанамен қамтылды

Биыл елімізде 16 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мәлімдеді.

Бейбіт Атамқұлов өткен жылмен салыстырғанда биыл тұрғын үй құрылысының қарқыны 12 өңірде артқанын атап өтті. Жалпы 2025 жылға дейін 103 миллион шаршы метр тұрғын үй салу көзделіп отыр.

Бұл дегеніміз 970 мыңнан астам отбасы баспанамен қамтылады деген сөз. Осы орайда құрылыс материалдарының қымбаттауына жол бермеу маңызды. Ол үшін құрылыс саласын цифрландыру қолға алынды. Мәселен, «Е-Құрылыс» жүйесі онлайн режимде шұңқырын қазудан бастап үйді пайдалануға бергенге дейінгі құрылыс процесін бақылауға мүмкіндік береді. Ал «Е-Шаңырақ» платформасы тұрғындарға өз үйін басқаруда барлық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.«Қазреестр» жүйесі күмәнді компаниялардан үлестік құрылыспен баспана сатып алу тәуекелін барынша азайтады.