Ақтөбеде Аяз ата мен Ақшақарлар шеруі өтті

Жаңажылдық кейіпкерлер қоғамдық көлікте тұрғындарды құттықтап, кішкентай бөбектерге сыйлық таратты, деп хабарлайды Хабар 24.

Жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлауды мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырды. 30-ға жуық Аяз ата мен Ақшақар қаланы аралап, барлық автобусқа кіріп шықты. Көшеде кептеліс болатын кешкі уақытта ертегі кейіпкерлерінің мерекелік көңіл-күй сыйлағанына жолаушылар ризашылық білдірді.

Мұратбек Дәрібаев, қалалық мәдениет үйінің басшысы:

– Халыққа мерекелік көңіл күй сыйлау керек. Халық көп. Балалар тақпақтарын айтып жатыр.