А.Көлгінов елордалықтарға үндеу жолдады

Tengrinews

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі халықтан іріткі салушылардың арбауына түсіп қалмауды сұрады.

Алтай Көлгінов бірқатар аймақта радикалды топтар тәртіпті бұзып жатқанын айтты. Қазір тұрғындардың өміріне қауіп төніп тұр. Елдегі ахуалға байланысты құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Айта кетерлігі, елордада кеше түнгі 11-ден бастап коменданттық сағат енгізілді. Азаматтар мен көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды. Жеке мүлікті сақтау және тонаудың алдын алу мақсатындағы шара таңғы сағат 7-ге дейін жалғасады. Қаладағы жағдай полицияның толық бақылауына алынды. Бас шаһарда 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай тәртібі сақталады.