Қарағанды облысындағы халық ел тыныштығы жолында құрбан болған марқұмдарды еске алды

Қарағанды облысындағы халық ел тыныштығы жолында құрбан болған марқұмдарды еске алды

Жалпыұлттық аза тұту күнінде Қарағанды облысындағы барлық мекемеде мемлекеттік ту түсіріліп, жұрт ел тыныштығы жолында құрбан болған марқұмдардың рухына тағзым етті. Қараша халық енді мұндай дүрбелеңнің қайталанбағанын қалайды.

- Енді қайталанбасын. Еліміздің азаматтары тек Қазақстан үшін қызмет етсін. Отанымыз тыныш болсын, халқымыз аман болсын. Тек өзіміздің президентімізге сеніп, айтқандарын қолдап, аман-есен жүрейік. 

- Ешқандай соғыс болмасын, еліміз тыныш болсын. 

- Жазықсыз қаза болған кісілердің рухы жәннатта болсын. Енді білесіздер қазіргі жағдай тұрақталып келе жатыр. Бәрі жақсы болады деп ойлаймыз. 

- Қауіпсіздік қызметінде істейтін полицейлеріміз молодцы. Дер кезінде бәрін тоқтата білді. Президентімізге рахмет, дер кезінде бәрін қолға алды. Болашақта бәрі жақсы болады деп ойлаймыз.