Алматы әуежайы 13 қаңтарда ашылады

Қалада төтенше жағдай режимі енгізілген. Сондықтан жолаушыларға тек таңғы 8-ден кешкі 21:00-ге дейін ғана қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Ішкі және халықаралық рейстер іске қосылады. Қауіпсіздік үшін әуежайға тек жолаушылар ғана кіре алады. Ал шығарып салушылар мен күтіп алушылардың ішке кіруіне тыйым салынады.