Астанада 1800-ден астам жұмысшы қар күреуге жұмылдырылды

Астанада 1800-ден астам жұмысшы қар күреуге жұмылдырылды

Бүгін, 15 қаңтарда Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмысына 1800-ден астам жұмысшы шықты, сондай-ақ 1 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Елорданың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта қарқынды түрде, сондай-ақ тәулік бойғы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. 

Мәселен, 14 қаңтардан 15 қаңтарға қараған түні елордадан 22 839 текше метр қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 1680 рейс жасалды. 

Қысқы кезеңде Нұр-Сұлтаннан 2 млн текше метрге жуық қар шығарылды. 

Бүгін, 15 қаңтарда елордада көшелердің қарын күреу жұмысына 1 мыңнан астам арнайы техника мен 1800-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды. 

Ереже бойынша бірінші кезекте кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.