Екі облыста оқушылар арасында коронавирус өршіді

Екі облыста оқушылар арасында коронавирус өршіді

Солтүстік Қазақстанда 1 мың 200-ден астам оқушы коронавирус жұқтырса, Жамбыл облысында да жағдай ушығып барады, деп хабарлайды Хабар 24.

Мәселен, бұл өңірдегі мектеп пен балабақшаларда 379 бала коронавирус жұқтырған.

Аймақта ковидтің таралуы жеті есе артқан. Қазір өңір эпидемиологиялық ахуал бойынша «қызыл» аймақта. Карантин шаралары күшейтілді. Облыс емханаларында коронавирус жұқтырған 305 адам емделіп жатыр, стационардағы орындар 44 пайызға толған. Жағдайы ауыр 27 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.