«Қаңтар оқиғасы»: тағы екі адам қайтыс болды

Елдегі бүлік кезінде ауруханаға түскен екі азамат қайтыс болды. Олар жансақтау бөлімінде жатқан.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, шабуыл салдарынан медициналық мекемелерде көз жұмған марқұмдар саны 177-ге жетті.

Жалпы бұл күндері 2 мың 739 адам дәрігерлер көмегіне жүгінді. Олардың 200-і емделіп жатыр, 14-і жансақтау бөлімінде. Зардап шеккендер арасында жүкті әйел де бар екен. Ол Алматы облысындағы митингке қатысқан.