465,08 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда арнайы операция өткізілуіне байланысты көшелер жабылды

  • 140
  • UPD: 14:40, 20.01.2022
Алматыда арнайы операция өткізілуіне байланысты көшелер жабылды

Алматы қаласының полицейлері шаһардағы орталық көшелерінің екі бірдей учаскесін жауып тастады.

Қазір онда лаңкестікке қарсы операция жүргізіліп жатыр. Бұл ақпаратты полиция департаменті растады.

Атап айтқанда, Абылай хан даңғылының, Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі бөлігі және Төле би көшесінің Желтоқсаннан Назарбаев қиылысына дейінгі бөлігі жабылды. Лаңкестікке қарсы операцияның жүргізілуіне байланысты Алматы қаласының полициясы осы аумақтағы бизнес нысандарын бүгінше жұмысын тоқтатып, қызметкерлерін үйге жіберуді сұрады.

Айта кетейік, елде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен қалада террористік қауіптің қызыл деңгейі әлі де сақталады.

Хабар 24 телеарнасы