Елімізде энергетикалық желілердің 80% тозған

Елде энергетикалық желілердің 80 проценті тозып тұр. Егер бұлай жалғаса берсе, электр тапшылығы туындайды. Одан кейін электр қуатын көрші Ресейден сұрауға мәжбүр боламыз.

Алайда электр энергиясының 1 киловаты шекараға жеткенше 25 теңгеге шығады. Оны ішкі нарыққа тасымалдаған кезде өзіндік құны тіпті қымбаттап кетпек. Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында осы мәселе қаралды. Депутаттар Еуразиялық экономикалық одақтың, ортақ электр-энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы заң жобасын талқыға салды. Олар «ең басты міндет бағаның өсуіне жол бермеу керек дейді. Бұл ретте министрлікке алдымен техникалық аудит жасап, отандық электр энергиясының қуаттылығын арттыру қажеттігін ескертті. Содан кейін ғана нақты жоспар түзіледі.