425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкентте қыруар қаржыға жолайрық салынбақ

  • 170
  • UPD: 21:17, 21.01.2022
Шымкентте қыруар қаржыға жолайрық салынбақ

Шымкентте көлік кептелісін азайту үшін тағы да қыруар қаржыға жолайрық салынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

13 миллиард теңгеге бағаланған құрылыс жобасында Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысы көрсетілген. Қазір бұл маңның бір бөлігі жабылды. Жергілікті билік өкілдері тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністікпен қарауын сұрап отыр. Бірақ келесі жылдың бел ортасына дейін 60 кәсіпкерлік субъектісі түрлі қиындыққа қалай төземіз деп алаңдаулы. Себебі бизнес нысандардың автотұрағы да құрылыс ортасында қалғалы тұр. Жобалау құжаттарын әзірлеу барысында олар бұл мәселені күн тәртібіне қойса да, оң шешімін таба алмаған. Ал кәсіпкерлер палатасының өкілдері бірнеше нысанның аумағын қорғай алдық дейді.

Еске салып өтейік, өткен жылдың күзінде тағы бір жолайрықта көлік қозғалысы басталды. Бірақ 7,9 млрд теңгеге бағаланған жоба көлік кептелісін тарқата алмады.

Мақсұт Исахов, қала әкімінің орынбасары:

- 2023 жылдың ортасында біз жолайрық құрылысын толық аяқтағымыз келеді. Жоба құнына келетін болсақ, негізгі құрылыс материалдары қымбаттады және оған авторлық, техникалық қадағалау бағасын қоссаңыз, 13 млрд теңгеден асып тұр. Ал тек құрылыс бөлігі 11,9 млрд теңгені құрайды. Бұл қаржының 90% жуығы республикалық бюджеттен бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы