Covid-19: Қарағанды облысында мобильді бригада саны ұлғайды

Covid-19: Қарағанды облысында мобильді бригада саны ұлғайды

Қарағанды облысында ковид індетінің көбеюіне байланысты мобильді топ саны да едәуір ұлғайды.

Күн сайын науқастарға 184 бригада шығады, оның 37-сі ауылды жерлерде. Тағы 145 бригада резервте тұр. Қазір кенді өңір, індет жұқтырғандардың саны бойынша үшінші орында. Тек өткен тәулікте 2058 адамнан коронавирус анықталған. Сондықтан бір мобильді топқа, күніге 30 шақыртуға дейін түседі. Олар науқасты мұқият тексеріп, ПТР тест алып, қажет болған жағдайда компьютерлік томографиядан өткізеді. Дәрі-дәрмек жеткізіп, екпе жасайды.

Балжан Мұса, отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі:

– Қарағанды қаласының №1 поликлиникасында 13 мобильді бригада өте қарқынды жұмыс жасап жатыр. Осындай эпидемиологиялық жағдайға байланысты бізде бір күндік вызовтардың саны мыңға жуық. Қазір 13 мобильді бригада 350-400 вызовқа дейін бір күнде атқарып өте алады.