Оңтүстікте электр жарығының тапшылығы реттелді

Еліміздің оңтүстік аймағында жаппай қуат тапшылығы реттелді.

25 қаңтарда Алматы қаласы мен Алматы облысы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан аймақтарында жарық жаппай сөнген еді. Кегок компаниясы бұған Сырдария жылу электр станциясындағы 6 энергоблоктың істен шығуы себеп деді. Осыған байланысты Қазақстанның энергожүйесінде апаттық жүктеме туындады. Алайда апатқа қарсы автоматика уақытылы іске қосылып, нәтижесінде оңтүстік аймақтардағы электр станциялары тұтынушыларды 1500 МВт дейін жылумен және қуатпен қамтамасыз етті. Бірақ мәжбүрлі шектеу шамамен 1800 МВт құрады. Кейіннен 3 сағат ішінде желілер шұғыл қалпына келтіріліп, Оңтүстік аймақтардағы ахуал біртіндеп реттелді. Дегенмен, мамандар Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде қуат тапшылығы бар екенін айтады. Бұған электр станцияларындағы жоғарғы апаттық жағдай мен энергияны тұтыну көлемінің соңғы жылдары 3 есеге артуы себеп.