Ә.Смайылов: Кәсіпкерлерге босаңсуға болмайды  

Маңғыстау мен Қостанай облыстарында вакциналау қарқыны әлі де төмен. Сондай-ақ ел астанасы мен Алматыда қайта екпе салдыру көрсеткіші жақсарар емес. Үкімет отырысында Әлихан Смайылов осындай дерек келтіріп, вакциналау бойынша көш соңында қалған өңір әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.

Сонымен қатар, елдегі эпидахуалдың тұрақталуына кәсіпкерлер де жауапты екенін ескертті. Премьер-министр бұл мәселеге олар да аса жауапкершілікпен қарауы тиіс екендігін айтты.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнестің дамуына кедергі келтірмес үшін карантиндік шектеулер қайта қаралып, азайтылды. Бірақ босаңсуға болмайды. Атамекен палатасы карантин талаптарын сақтау бойынша бизнеспен жұмыс жүргізгені жөн. Кәсіпкерлер жұмысына аса жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сауда, тамақтану орындарында барлық санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек.