Елордада жосықсыз құрылыс салушылар лицензиясынан айырылады

Елордада жосықсыз құрылыс салушылар лицензиясынан айырылады
Inform.kz

Елорда әкімдігінде құрылыс компанияларының өкілдерімен нысандарды аяқтау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кездесуге мынадай тәуекелдері бар құрылыс салушылар қатысты: құрылыс-монтаждау жұмыстары баяу жүргізілуде, құрылысты аяқтау жұмысы кестесінен қалып отыр, тапсырыс беруші мен мердігер арасында сот талқылаулары жүргізілуде, тиісті қаржыландырудың жоқтығы және т.б.

Мысалы, бұл «ЭРА» ЖШС, «Роз Тал» ЖШС жеке нысандары және т.б. «Лея» ТК құрылысы 2016 жылы басталған. Ал «За рекой» ТҚК ұйымына жұмысын жандандырып, нысанды биыл аяқтау тапсырылды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жосықсыз құрылыс салушыларға әкімдіктің тиісті рұқсатын алғанға дейін немесе «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігін алғанға дейін үлескерлердің ақшасын қабылдайтын болса «қара тізімге» енгізілетінін, ал материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылатынын ескертті.

Сол сияқты құрылыс компаниялары рұқсат құжаттарын алғанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріссе, лицензиясынан айырылуы мүмкін. Жосықсыз құрылыс салушылардың тізімі әкімдіктің ресми сайтында және БАҚ беттерінде тұрақты жарияланады.