Алматыда қалың қар жауып, жол қозғалысына қиындық туғызды

Алматыда ұзақ уақыттан кейін қар жауды. Қалыңдығы қалада 3-5 см, ал тау бөктері мен таулы аудандарда 10-12 смге дейін жетті.

Ауа райының қолайсыздығынан шаһарда көлік кептелісі пайда болып, жол қозғалысына қиындық туғызды. Оның үстіне қазір қаланы тұман басып тұр.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, жаңбыр аралас жауып жатқан қар түстен кейін тоқтайды. Бүгін ауа температурасы күндіз 0, +2 градус шамасында болады. Қазір жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр.

Жалпы шаһарды тазалауға таңертеңнен бастап 600-ден аса арнайы техника мен 1700-ге тарта жұмысшы жұмылдырылды.