ҚР АШМ 96 млн гектар жерді тексерді

ҚР АШМ 96 млн гектар жерді тексерді
agrosektor.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өзекті бағыттарының бірі ресурс үнемді егіншілікті дамытуды, жайылымдарды ұтымды пайдалануды, жайылымдарды суландыру және олардың тозуы мен шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қарастырып жатыр.

ҚР АШМ мәліметінше, жер ресурстарын ұтымды пайдалану ауыл шаруашылығында және тұтастай ел экономикасында үлкен маңызға ие. Ауыл шаруашылығында өнім алу жердің сапалық жағдайымен, оны пайдалану сипаты мен жағдайына тікелей байланысты.

Ведомство жүйелі негізде жерді топырақтық және геоботаникалық зерттеу жүргізеді. 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін 33 млн га алаңда ауқымды топырақ зерттеулері, 33 млн га алаңда геоботаникалық зерттеулер және 30 млн га алаңда топырақ бонитировкасы жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстар қарашіріктің, жалпы фосфор мен азоттың, калий мен фосфордың жылжымалы қосылыстарының құрамын, қышқылдығын немесе сілтілігін, сортаңдануын, карбонаттығын, тұздануын және топырақтың механикалық құрамын (жер құнарлылығының көрсеткіштері) анықтауға мүмкіндік берді, оларды білу ауыл шаруашылығымен айналысу кезінде қажет.

Деректер негізінде арнайы аттестатталған зертханаларда жүргізілетін мұқият талдаулар негізінде әзірленген жерді ұтымды пайдалану үшін қажетті ұсынымдар қалыптастырылды.

Жерді ұтымды пайдалану жөніндегі ұсынымдар қамтылған түсіндірме жазбалары бар барлық материалдар мен деректер одан әрі пайдалану үшін тұрақты негізде облыстық және аудандық әкімдіктердің жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарына беріледі.

Жер ресурстарының өнімділігін сақтау, экожүйенің функциялары мен қызметтерін қолдау және қажеттіліктерді қанағаттандыру әлеуметтік-экономикалық міндет қана емес, сонымен қатар қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік болып табылады.