«Қазақстан халқына» қорына 115,3 млрд теңге жиналды

«Қазақстан халқына» қорына бүгінге дейін кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардан 115 млрд 300 млн теңге аударылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

4 күн ішінде 10 мыңнан аса хат келді, дейді қор өкілдері. Өтініш беру үшін «Қазақстан халқына.kz» сайтына кіру керек. Онда  жүзден астам қайырымдылық қор бар. Олардың бірі өтінішіңізді өз мойнына алады. Сараптамалық комитеттер қабылданған сұрақтарды әр сала бойынша іріктеп, қор басқармасына жібереді. Басқарма қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.

Әлібек Әбділов, «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі:                   

– Көмек міндетті түрде тауар немесе қызмет түрінде ғана беріледі немесе ол қаржылай көмек керек болса, онда банктік шотқа аударылады. Яғни қолма-қол ақша берілмейді. Бүгінгі таңда бізге түрлі өтініштер келіп түсуде. Кейбір жалған ақпараттар да бар. Мысалы, оның алдында әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздың біріне 42500 теңге туралы «сіздер осындай ақша береді екенсіздер» деп ақпарат түскен болатын. Ресми түрде айтарым «Қазақстан халқына» қорының 42500 тг әлеуметтік төлеміне ешқандай қатысы жоқ.