Қайырымдылық қордың көмегі

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға «ASAR-UME» қайырымдылық қоры көмектесіп жатыр.

Қор өкілдері Құлсарыға барып, мұқтаж жандарға жәрдемдесуде. Бұған дейін олар Ақтөбе, Павлодар, Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарында болды. Көпбалалы аналар мен жағдайы төмен отбасыларға гуманитарлық және қаржылық көмек көрсетті. Рамазан айы басталғалы бері қор үйсіз-күйсіз жүрген 50 отбасына баспана сыйлады. Сауапты іс жалғасады дейді қайырымды жандар.

Асхат Нұрмашев, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі, қор жетекшісі:

- Онымен тоқтамаймыз, шектелмейміз.Өйткені ол тактикалық көмегіміз. Әрі қарай не істейміз. 1-2 аптадан кейін су өткеннен кейін үйлерін көтереміз ба. Соны да ойлап жүрміз қазір.