Омбы-Майқапшағай жолын жөндеу жұмысының биыл бітпейтін түрі бар

Омбы-Майқапшағай жолын жөндеу жұмысының биыл бітпейтін түрі бар

Омбы-Майқапшағай тас жолын қайта жөндеу жұмыстарының, биыл да ман-дитын түрі көрінбейді. Мердігер компания аталған жобаны жазда аяқтап, тапсыруы тиіс. Алайда құрылыс тағы, екі жылға созылуы мүмкін. Жол төсеп жатқандардың айтар себебі көп. Ал жергілікті жұрт, бөлінген қаржының тиімді жұмсалып жатқанына күмәнмен қарайды.

Салынып жатқан жолдың бойындағы көкпектіліктерден жол жайын сұрасаң, күйіне жауап береді. Кәсіпкер Бибінұр Мұрсалимоваға жерлестері «тауарың қымбат» деп жиі шағымданады екен. Оған себеп «қатынастың қиындығы» деп ақталды ол. Көкпекті мен Қалбатау арасындағы қарыс жолдың қаңтарылып тұрғаны жанына батады. Бөлінген қаржының есебін беретін де біреу жоқ. 

Бибінұр Мұрсәлімова, кәсіпкер:

- Бізде сондай пікір туады,неге десеңіздер миллиондаған ақша бөлінеді ол бір жерге кету керек қой мысалы, қайда кетті, ақша отчетность деген болады ғой, бізде ондай жоқ. Кімнің қалтасына кетті, қашан кетті, кім оны ұстап кетті, біз білмейміз ғой басы бар, аяғы жоқ.

Әсіресе көлік жүргізушілері көресіні көп көрген. Қала жаққа бір барып келсе болды, бірден жөндеуге тұрамыз, жиған-тергеніміз сайман алумен өтеді деп шағымданады.

Талғат Нокин, Көкпекті ауданының тұрғыны:

- Резина шақ келмей, машина сына береді, кісілер қиналады, жолда қалады, білмеймін боқтап айтар едім, қазір ұят енді. + Білмеймін, бідің Қазақстанда мынадай ресурстар бар қаншама байлық бар енді, мынадай жолды сала алмау сөз жоқ вообще.

Омбы-Майқапшағай тас жолы яғни Қалбатаудан Зайсанған дейінгі 415 шақырым биыл маусымның соңында аяқталуы тиіс. Алайда  құрылыстың межелеген мерзімде аяталуы екіталай. Кезінде «пандемия » кедергі болған сыңайлы. Құрылыс материалдарының қымбатауын тағы қосыңыз. Сондықтан қайта жөндеу жұмыстарының әлі екі жылға шегерілетін түрі бар.

Мұхит Баймағамбетов, "Қазгерстрой" мердігер компаниясы филиалының директоры:

- Заказчикпен бірге біз осы сұрақты қарастырып отырмыз, екі жылға құрылысты созу жасап,соған бірнеше документ жинап,соған тырысамыз + Енді сол сіздер сұрап отырған екі жылда үлгересіздер ме өзі?-Тырысамыз оған.

Жобаға бөлінген 159 миллиард теңгенің 25 проценті ғана игерілген.Жұмыстың 36 проценті  орындалды. Тапсырысы берушілер де тығырыққа тірелді. Уәде үстіне берілген уәде,сылтау үстіне айтылған сылтау бітер емес. Оған қоса жобаның 85 процентін қытай инвесторлары қаржыландырады.Осылайша барлық талап-тілек жөндеу аяқталған соң Стокгольм арбитражды соты арқылы қабылданады. Әзірге жол сапасын тексеру орталықтары ғана жұмыс барысын қарап жүр. Мәсселен өткен жылы 663 тексеріс жасалып,1 мыңнан астам бұзушылық анықталған.

Айдос Қабылбаев, ШҚО "Жол активтері сапасы" ұлттық орталығының инженері:

- Мысалы, қолданылып жатқан материалдарға,қиыршық тастардың сай келмей өалуы,технологияның бұзылуы темір бетон элекменттерінің дұрыс сақталмауы, сол сияқты технологияның бұзушылықтары.

Қазір бұл кемшіліктер жойылған. Жолды жөндеушілер жаңа құрылыс маусымына әзірленіп жатыр. Бірақ жоба мерзіміні ұзарту туралы ұсыныстары қабылдана ма жоқ па бейміәлім.Тапсырыс бергендердің де төзімі таусылыпты.

Айдын Ескенов, "Қазақавтожол" ұлттық компаниясы шқо филиалы директорының орынбасары:

- Мердігерлермен жасалған келісімшарт бойынша жоспарларымыз орындалмай отыр аяғына дейін келісімшарт орындалмаса тиісті заңды шаралар бар.Келісімшартты бұзу тиісінше жауапкершілік айыппұл салу заңды түрде.

Сонымен Омбы-Майқапшағай жолын қайта жөндеу жұмыстарының нақты қашан аяқталары белгісіз болып тұр. Яғни Зайсан,Көкпекті,Тарбағатай ауданының халқы әлі де жақын жолды ұзартып Күршім арқылы айналмамен қатынауға мәжбүр.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов