Атырау облысында оқушылар дүйсенбіден бастап мектепке барады

Атырау облысында оқушылар дүйсенбіден бастап мектепке барады

 

14 ақпанда Атырау облысында барлық сынып оқушылары мектепке барады.

Үшінші тоқсан басталғалы мектептердің көпшілігінде орта және жоғары сынып оқушылары онлайн режимде білім алуда. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты келесі аптадан бастап Атырау облысындағы мектептерге офлайн режимде жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бірақ егер оқушылардың бірінен коронавирус анықталса, онда бүкіл сынып 2 аптаға қашықтан оқытуға жіберіледі. Оқушының ата-анасы ауырып қалса, ол науқаспен байланыстағы адам деп есептеліп, онлайн оқитын болады, – дейді облыстық басқарма басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.  

А.Дүйсекенова білім беру ұйымдары барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтайтынын: сыныптарды желдетіп, кварцтап, есік тұтқаларын антисептикалық құралдармен өңдеп, дәретханаларды әр 2-3 сағат сайын тазалайтынын және т.б. атап өтті.