Қаңтар оқиғасына қатысты Талдықорғанда 409 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде 758 адам зардап шекті. Олардың басым бөлігі тәртіп сақшылары мен әскерилер. Ал 37-сі бейбіт тұрғын. Бүгінгі баспасөз мәслихатында облыстық полиция, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілдері осылай деді.

Құзырлы орган қызметкерлерінің мәліметінше, өңірде 409 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Соның 11-і терроризмге байланысты қозғалған. Ал 160-қа жуығы ұрлық жасау, 191 іс қаруды заңсыз сақтау және кісі өлтіру, жаппай тәртіпсіздік деректері бойынша тіркелген. Қазір 88 адам оқшаулау орталығында қамауда отыр. 60-тан аса күдіктіге бұлтартпау шарасы тағайындалды. Және 33 адам босатылды, оның 8-і кәмелетке толмаған жасөспірім. Жаппай бүлік кезінде 8 әкімшілік ғимарат бүлінді, 70-ке жуық көлік өртеніп, 512 қару ұрланды. Күдіктілерді азаптаған тәртіп сақшыларына қатысты да тергеп тексеру амалдарын жүргізіліп жатыр.

Дулат Мадияров,  облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары:

– Алматы облысын бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен азаптау ісімен іс тергеліп жатыр.  Оның саны 37 қылмыстық іс. СКЛ Қазіргі таңда істің жан жақтылығын қамту мақсатында  күнделікті қарқынды  бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде. Атап айтқанда барлық арызданушылар жәбірленуші ретінде танылды. Олардан азаптаулар қалай қай жерде болғаны туралы жауап алынып жатыр.  Тану беттестіру әрекеттері жүргізілуде. Жарақаттардың ауырлығын анықтау үшін сот медициналық сараптамасы тағайындалды.