Елордада электр энергиясын таратушы мекемелер тексеріледі

Бұған қызмет көрсету төлемінің күрт көбейіп кетуіне қатысты қалалықтардың шағымы себеп болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді табиғи монополияларды реттеу комитеті «АстанаЭнергоСбыт» және «Астана-РЭК» мекемелерінің үстінен кезектен тыс тексерісті бастады. Егер коммуналық қызмет көрсетуші мекемелердің бағаны негізсіз көтергені анықталса, оларға заң бойынша тиісті шара қолданылады.

Айта кетейік, соңғы кезде әлеументтік желілерде «электр энергиясына бұрынғыдан көп төлейтін болдық. Бізге энергияның артығымен қолданылғаны туралы түбіртек келіп жатыр», – деген сарында жазба көбейіп кеткен еді.