Қазақстан мен Корея жастарының онлайн кездесуі өтті

Қазақстан мен Корея жастарының онлайн кездесуі өтті

Қазақстан және Оңтүстік Корея жастарының онлайн кездесуі өтті.

Қазақ мемлекеттік университеті және Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері Кореяның шет тілдер университетінде оқитын құрдастарымен тікелей байланысқа шықты. Жастар қазақ және корей тілін оқып жүргендіктен аудармашы көмегінсіз тілдесті. Бұл телекөпірді қос ел арасында дипломатиялық қатынастар орнауының 30 жылдығы құрметіне Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі ұйымдастырды. Кореяда осы онлайн кездесуге қатысқандардың түгеліне Шоқан Уәлиханов туралы кітаптар табысталды. Сондай-ақ Казақ мемлекеттік университетінде журналистика факультетін тәмамдаған актриса Гүлназ Жоланова Корея студенттерінің сұрақтарына жауап берді. Бұл телекөпір Кореяда үлкен қызуғышылық туғызғандықтан онлайн кездесулерді айына екі рет өткізу шешілді. Оған белгілі қазақстандық музыканттар мен актерлер қатысуға келісімін берді.

Гүлназ Жоланова, актриса:

 - Бұл кездесу қөңілімнен шықты. Таңқалдым деп айта аламын, себебі Корея қыз-жігіттері 3-4 жыл ішінде қазақ тілің жетік меңгерген. Тіпті әдеби де сөйлейді. Жастарға тек ғана сәттілік тіледім. Ал осы кездесуді ұйымдастырған қазақ Елшілігіне өзімнің алғысымды білдіргім келеді.