Қаңтар оқиғасы: ұсталғандардың көбісі ұрлық фактісімен сотталған

107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталды. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ОКҚ брифингінде айтты.

«Ішкі істер органдары тергеушілері тарапынан қаңтар оқиғалары бойынша 107 күдіктіге қатысты (88 қылмыстық іс) қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталды. Бұл істердің де негізгі бөлігін ұрлықтар - 65, қаруды заңсыз сақтау фактілері – 11, оларды ұрлау – 7 және өзгелер қылмыстар құрайды», - деді С. Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Департамент бастығының айтуынша, сотқа 86 айыпталушы берілген.

«Бүгін елімізде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отырып, 52 адамды соттады. Олардың 39-ы бас бостандығын шектеуге, 13-і бас бостандығынан айыруға, ал 2 адамға қатысты тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды», - деді Санжар Әділов.