ҚР ІІМ: Былтыр 915 интернет-алаяқ ұсталды

ҚР ІІМ: Былтыр 915 интернет-алаяқ ұсталды

Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша былтыр елде интернет арқылы жұртты алдап соққан 915 күдіктінің ісі әшкере болып, 26 мыңнан аса іс қозғалған.

Қаржылық пирамида құрған 126 адам, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның 38-і тиісті жазасын алған. Қалған іс сотта. Әккі алаяқтар 31 мыңнан аса азаматты алдап соққан екен. Жалпы шығын көлемі 54 млрд теңге. Осыған байланысты полиция тұрғындарды "оңай әрі тез ақша табуға шақыратын жарнамаға" мән бермеуге шақырады. Кез келген құжатқа қол қоярда шартын мұқият оқуды ескертеді.