А.Күрішбаев: Оқу бітірген жастардың 30%-і жұмыс таба алмай жүр  

Еліміздің Сенат депутаттары студенттермен кездесті. Еуразия ұлттық университетінде өткен халық қалаулылары мен жастар арасындағы диалогта Қазақстан Президентінің реформалары қамтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздегі жаңа саяси процестерге жастардың қосатын үлесі мен рөлі талқыланды. Жиында жастар бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сенатор Ақылбек Күрішбаев оқу бітірген жас өнердердің 30 проценті жұмыс таба алмай, түрлі салада жалданып, нәпақа табуға мәжбүр екенін тілге тиек етті. Елімізде 120 жоғары оқу орны болса, онда 600 мыңнан аса студент білім алуда. Ертеңгі күні лайықты жұмыс тауып, еңбек жолын лайықты деңгейде жалғастыруға кепіл жоқ екені жасырын емес деді. Жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу өзекті екені айтылды. Наурыз айында Мемлекет басшысы жаңа реформалар пакетін жариялауы күтілуде. Бұл бағытта тиісті қолдау шаралары қабылданатынан сендірді халық қалаулысы.

Аян Сәлімгереев, ЕҰУ магистранты:

4 жыл бакалавриатты бітіргеннен кейін қандайда бір оқу орнына барсаңыз жұмыс тәжірибесін сұрайды. 4-курсты бітірген балада ондай жұмыс тәжірибесі әрине жоқ. Сондықтан волонтер болып жүрген қызметін еңбек өтілі қылып немесе еңбек кітапшасына жазғызса, нұр үстіне нұр болар еді. Оқып жүргенде бізде дипломға дейінгі өндірістік тәжірибе болады. Соның өзін жұмыс өтілі қылып қалыптастырса, қандайда бір кәсіпорынға еңбек кітапшасында жарты жыл жұмыс өтілі тұрады.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Парламент өз тарапынан еліміздің экономикалық, әлеуметтік саяси реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге дайын. Жаңа заңдар қабылдау керек болатын болса, өзгерістер енгізу керек болса, заңнамалық қамтамасыз етеміз.