Қостанай облысында Hitachi техникасына қызмет көрсететін цех ашылды

Қостанай облысындағы тау-кен өндіру кәсіпорындары өндіріс көлемін арттырып жатыр. «Қашар кені» акционерлік қоғамы арнайы көліктерді жөндейтін цехті қолданысқа берді. Нысанның құрылысы Евразиан Ресур-сес Групп және Жапондық «Хитачидің» Орталық Азиядағы ресми дилері Евразиан Машинери компаниясымен жасалған келісімшарт аясында жүзеге асты.

Қашар карьерлерінде Хитачи деп аталатын заманауи тау-кен техникасы жұмыс істейді. Бастапқыда бұлар 180 тонналы болатын. Ал былтыр жапондық машиналардың әлдеқайда қуатты түрлері пайда болды.

Әнуар Аймұхамедов, ауыржүктасығыш машинасының операторы:

– Машина 220 тонна салмақ көтереді. Негізінен тау жыныстарын, кен тасымалдаймыз. Көлікте ешқандай мін жоқ.

Жалпы «Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіне» 50-ге жуық Хитачи техникасы жеткізіледі. Көліктер сервистік қызметтен бүге-шүгесіне дейін жаңа цехта өте алады. Нысанның құрылысы келісімшартқа сәйкес жүзеге асырылды.

Мехмет Кемаль Четинелли, ортақ құрылтайшы, «Eurasian machinery» ЖШС бас атқарушы директоры

– Цех құрлысын бес айдың көлемінде аяқтадық. Себебі алып техниканы жөндеуді, оған қызмет көрсетуді созбалаңға салу тиімсіз еді.

Валерий Гриненко, «ССКӨБ» АҚ президенті:

– Біз 10 жылдық келісімшартқа қол қойдық. Демек әріптестеріміз осы уақыт аралығында техникаларды сервистік қызметпен қамтамасыз етеді.

Осылайша Қашар кенішінің техникалық паркін жаңартуға бағытталатын кезекті инвестицияның көлемі 172 млрд теңгеден асып түспек.

Соносукэ Исии, «Hitachi Construction Machinery» аға вице-президенті:

– Біз үшін бұл Орталық Азиядағы ең ірі жоба. Көптен бері «Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігімен» әріптестік орнатуды көздедік. Евразиан Машинері арқылы осы

мақсатымызға жеттік.

Ясуси Очиаи, «Hitachi Construction Machinery» атқарушы вице-президенті:

– Евразиан машинеримен ықпалдастық одан әрі кеңейеді. Осы ретте Қашар кен аумағында жаңа цех тұрғызылды. Бізге кәсіпорынның әрі қарай дамуы маңызды.

Қашар кен орнында үздік техникалардың әлемдік брендтері жұмыс істейді. Осылардың көмегімен кен өндірісінің қуатын 26 млн тоннаға жеткізу жоспары бар.

Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров