Алматыда белсенділер бейбіт митинг ұйымдастырды

Биылғы тақырып – әйелдерді ел басқару ісіне араластыру мәселесіне арналды. Жиынға қатысушылар әйелдер құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және әйелдердің зейнет жасын қысқартуға қатысты жайттарды қозғады.

Қыз-келіншектердің саяси көзқарасын білдіруге қала әкімдігі қарсы болмай, митинг өткізуге рұқсат берген.

Кәмила Мюллер, қала тұрғыны:

- Әйелдер бірігіп өз құқықтарын өздері қорғау керек деп ойлаймын. Осы жердегі қыздармен барлығымыз бірге жарқын Қазақстанды құруға ат салысамыз. Әйел адамның билікке қол жеткізуге мүмкіндігі болғанын қалаймыз. Бізде 55 пайыз әйел болғанымен, оның барлығы әкімшілік, қарапайым қызметтер. Ал сол 55 пайыздың 4 тен бір пайызы ғана – лауазымды адамдар.