Қазақстан Журналистер одағы мен «Әділ сөз» қоры мәлімдеме жасады

Қазақстан Журналистер одағы мен «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры Украиндағы соғысқа байланысты мәлімдеме жасады.

«Ресей-Украина шиеленісі бүкіл әлемде талқыланып жатыр. Азаматтар, бірінші кезекте, журналистер, Конституциядағы өз пікірін білдіру құқығын толық көлемде қолданады. Алайда көбі қызбалыққа салынып, шектен шығып кетіп жатады» делінген хабарламада.

Авторлар әлеуметтік желіде өткір мәселелерді талқылағанда дәлелді, дәйекпен ой айтып, қоғам алдындағы жауапкершілікті ұмытпауға шақырды.