Отпан тауда «бірлік оты» жағылды. LIVE

14 наурыз "Амал" мейрамын Маңғыстау халқы ерекше атап өтеді.

Биыл да дәстүрлі шара теңіз деңгейінен 532 метр биіктікте тұрған "Адай ата" тарихи-мәдени кешенінен бастау алды. Наурыздың 13-інен 14-іне қараған кеште "Бірлік" оты жағылды. Сол жерде ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері қаңтар оқиғасы құрбандарының рухына мал шалып, құран бағыштады. 

- Амал мерекесінің биылғы ерекшелігін айтып берсеңіз?

Талғат Исламұлы, тілші:

-  Бір жасыңызбен! Маңғыстаулықтар "Амал" - көрісу күні осы тілекті айтып, бір-бірімен көрісуді үрдіске айналған. Былтыр дәстүрлі шара санитарлық талаптар сақтала отырып,  шағын топпен өткізілген еді. Биыл да жиналған кісі қарасы көп емес.

"Қарашаңырақ" жазуы бар зәулім үйде облыс әкімі бастаған зиялы қауым өкілдері қасіретті қаңтарда көз жұмған адамдардың рухына құран бағыштап, құрбан шалды. Бұдан соң өңірдің ардагерлер кеңесінің өкілдері қазақстандықтарға арналған үндеуді оқып берді. Оның мазмұнына сіздер де құлақ түріңіздер. 

Серікбай Төлетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Талғат Исламұлы, тілші:

- Шараның негізгі бөлімі "Бірлік" отын жағу рәсімі жергілікті уақытпен кешкі 8 шамасында өтті.

Жеменей ата ұрпақтары алауды Тобыш руына табыстады. Бұдан соң көпшілік Адай ата кешеніне дейін жаяу жүріп барды. Сол жерде 362 баспалдақтың бойында адамдар бөлініп тұрып, бір-біріне "Бірлік" отын өткізіп тұрды. Осылайша, "Адай ата" кешені басында бірлік пен ізгіліктің, татулық пен тұрақтылықтың белгісіне айналған алау тұтанды. Айта кету керек, соңғы 2 тәулік Маңғыстауда қар аралас жаңбыр толастаған жоқ. Соған қарамастан сын сағаттарда ұран отын жағып, мәңгілік алауды маздатқан тағзым биігінде "Амал" мерекесі дүбірлеп өтті. Мәдени шаралар бүгін де облыс көлемінде жалғасын табады.