Күштік құрылымдардың қаңтар оқиғасына қатысты жауабына көңілім толмады – Ж.Әшімжан

Тергеудің аралық қорытындысы жарияланды. Бірақ бұқара мұның артында нақты кімнің тұрғанын білгісі келеді. Қаңтар оқиғасына құқықтық баға берілсін деген талап қойып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тікелей эфирге Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан қатысты. Депутат бұған дейін Алматы және Алматы облысына барып, қаңтар оқиғасында зардап шекккен, жақындарынан айырылған  адамдармен жолығып қайтқанын және олардың нендей уәж айтқанын жеткізді. Сондай-ақ ол өз сөзінде күш құрылым өкілдерінің жауабына көңілі толмағанын айтты. Қоғамның тарапынан айтылған депутаттық сауалдарым ашық күйінде қалды деді.