БҚО-да бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

Батыс Қазақстан облысында апта бойы үздіксіз қар жауып, соңы көктайғаққа ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше бағыттағы автокөлік жолдары жабылды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті аймақ тұрғындарына алдағы күндері де қатты жел тұрып, бұрқасын болатынын ескертті. Бүгін қолайсыз ауа райына байланысты республикалық Самара - Шымкент, Атырау - Орал, Подстепный - Фёдоровка және Орал – Тасқала - Ресей шекарасы бағытындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Сонымен қатар аудандарға шығатын автомобиль жолдары да жабық.

Рауан Қайырғалиев, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Қазіргі уақытта облыстық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде көліктің барлық жолдар жабылды. Тасқала – Аққуарай – Болашақ - РФ шекарасына дейін. Үлкен Шаған-Переметное, Бөрлі-Ақсай-Жымпиты, Жымпиты-Қаратөбе, Орал-Кирсаново, Ақсай-Шыңғырлау, Ақсай-Приуральный, Федоровка-Ақсай жолдары жабылған болатын. Соған байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарын ерекше қажеттіліксіз трассаларға шықпауларын сұрайды.