Рудныйда денесін күйік шалған бала ауыр халде жатыр

Рудныйда денесін күйік шалған бала ауыр халде жатыр

Қостанай облыстық ауруханасының дәрігерлері де үш жарым жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр.

Денесін күйік шалған сәби Рудный қаласынан Қостанайға жеткізілген. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Жағдайы өте ауыр. Мамандар қандай да бір болжам жасай алмай отыр.

Естеріңізге сала кетсек, кеншілер қаласында 44 жастағы ер адам қолында баласы бар көрші әйелге керосин шашып, өртеп жіберген. Қос білегін күйік шалған келіншек алғашқы медициналық көмектен соң үйіне жіберілді. Ал бүлдіршін ауруханаға жатқызылды.