Павлодар облысында 200-ге тарта киіз үй тігілген

Павлодар облысында 200-ге тарта киіз үй тігілген

Павлодар жұртшылығы Әз Наурызды кең ауқымда атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі жылдық үзілістен кейін төл мейраммен қайта қауышқан халық Естай атындағы мәдениет сарайының маңайына жиналды.

Жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашса, әжелер бауырсақ таратып, көпшіліктің алғысына бөленді. Мейрам көрігін ұлттық ойындар қыздыра түсті. Жауырыны жерге тимеген балуандар боз кілемге шықты. Биыл ақ шаңқан киіз үйлер қаланың барлық ауданында тігілген. Сауда, ойын сауық орталықтары қайырымдылық дастарханын жайды. Жалпы облыс бойынша 200-ге тарта киіз үй тігіліпті. 

Ғалымбек Жұматов, қала тұрғыны:

- Көктемнің басында бірде түйе, бірде бие деген өзгерістер болып тұрады. Соған қарамастын наурызымызды халқымыз мереке екенін сезініп, суығына да қарамай тойлап жатыр. Араласып барлық жерде қызықтап жүр, тойлап жүр, мерекелеп жүр. Мұның барлығы еліміздің өзінің үлкен мерекесі екенін білдіреді. Наурыз құтты болсын бәрімізге. Жақсылықтар әкеле берсін.