СҚО-да ауыл әкімі балаларды еңбекке баулып жүр

«Ел іші - өнер кеніші». Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкер балаларды еңбекке баулып жүр. Ауыл әкімі Валерий Форш оқушыларға шеберлік сағатын өткізеді.

- Основа пластиковая бутылка шестилитровая, потом мы сшили это, и это вышивка такими бусами, саукеле вот такое. 

Валерий Форштың қолына тиген кез келген зат әп-сәтте көздің жауын алатын дүниеге айналады. Он саусағынан өнер тамған азамат темірден түйін түйеді, сурет салады, қағаздан да түрлі бұйым жасайды. Қысқасы, шығармашылықтың адамы. 

- Закладывай плотнее, чтобы бисер к бисеру, не было пропусков.

Өнерімен талайды таңқалдырған шебер қазір бар білгенін балаларға үйретіп жүр. Өзі мектепте технология пәнінен сабақ береді.

Валерий Макеев, оқушы:

- Мен қазір Криштиану Роналдуның портретін жасап отырмын. Өзім футбол ойнағанды жақсы көремін, ал бұл менің сүйікті спортшым. Еш қиыны жоқ. Мұғалім барлығын көрсетіп, түсіндірді. Тек асқан жауапкершілік қажет.

Ия Валерий Форш атақты адамдардың суретін салып, оны бисермен кестелейді. Сондай туындылардың бірін ол екі жыл бұрын жасаған.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Шебердің ең бір ғажайып туындыларының бірі Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған портреті. Оны жасау үшін бір жылға жуық уақытын сарп еткен. Және шамамен 144 мыңға жуық бисер қолданылыпты мұнда.

- Каждая заклепочка делалась вручную. Здесь использовались металл латунь и нержавеющая сталь.

Тағы бір керемет туынды - батырдың киімі. Ол таза былғарыдан жасалған. Салмағы он бес келіден артық. Болашақта енді семсерлесу жарысына қатысу жоспары бар.

Валерий Форш, Алтын дән ауылдық округінің әкімі:

- Жауынгерлер сақтық үшін дулығаның ішінен осындай бас киім киеді. Көріп тұрсыздар ғой, ол сарбаздың мойынын жабады. Жас кезімде республикалық қылышпен семсерлесу жарыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болғам. Енді өзімді тағы бір мәрте сынап көрсем деймін.

Шебердің туындылары республикалық, халықаралық көрме-байқауларда топ жарып жүр. 56 жастағы азамат балаларды еңбекке ғана баулымайды. Туған жерін түлетуге де атсалысады. Қазір ол ауыл әкімі. Сәтін салса, биыл елді мекенде жолдарды асфальттап, бірқатар әлеуметтік нысанды қайта қалпына келтірмекші.

Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов