Шымкентте энергиямен жабдықтайтын 4 мекеме күдікке ілінді

Шымкентте энергиямен жабдықтайтын 4 мекеме күдікке ілінді

Шымкент қаласында энергиямен жабдықтайтын 4 бірдей мекеме күдікке ілінді. Олар өзара сөз байласып, тұтынушыларға электр қуатын әртүрлі тарифпен таратқан.

Түркістан облысында тіркелген компаниялар шымкенттік кәсіпорындаға қызмет көрсетіп, нарықтың үштен бір бөлігін қамтыған. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қалалық департаменті мәлімдеді. Монополист компаниялар өзге бәсекелес ұйымдарды тұншықтырып, бағаны қалауынша өзгертіп отыруы мүмкін, дейді мамандар. Сәйкесінше түрлі кәсіпкерлік субъектілері жапа шегіп, табысының бір бөлігінен қағылады. Істің анық-қанығы тексеру нәтижесінде белгілі болады.

Ернар Қосбаев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қалалық департаменті басшысының орынбасары:

- Қазір енді 2-3 айдың төңірегінде тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Тұтынушылардың құқықтарын қаншалықты бұзғанын анықтап, бәріне баға береміз. Ол жерде айтатын болсам тек әкімшілік құқық бұзушылықтар емес және қылмыстық кодекстің кейбір баптарымен де жауапкершілік белгіленген. Ондай фактілер анықталатын болса біз құқық қорғау органдарына жолдаймыз.