Еліміздің солтүстік өңірлері үшін дәнді дақылды себуге мамыр айы оңтайлы – Қазгидромет

Еліміздің солтүстік өңірлері үшін дәнді дақылды себуге мамыр айы оңтайлы – Қазгидромет
inform.kz

Қазгидромет әр өңірдегі көктемгі егіс егу науқанының болжамды мерзімін ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болжам бойынша сәуір айында республиканың солтүстігінде, батысында және орталығында температура жоғары болмақ. Синоптиктер бұл уақытта егістіктерде қар еріп, топырақтың құнарлы қабаты кебеді деп болжап отыр. Осыған байланысты жаздық дәнді дақылдарды себудің оңтайлы мерзімін келесідей болжаған: Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында мамырдың бірінші және екінші онкүндігінде; Қарағанды ​​және Шығыс Қазақстан облыстарында мамырдың бірінші және екінші онкүндігінде, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында сәуірдің аяғында, оңтүстік облыстарда наурыздың ортасы мен сәуірдің басында, тау бөктерінде мамырдың басында.