Петропавлда өрт оқиғасы жиіледі

Петропавлда өрт оқиғасы жиіледі

Петропавлда да күн жылына өрт оқиғалары көбейді.

Демалыс күндері төтенше жағдайлар қызметіне 40-қа жуық шақырту келіп түскен. Мысалы, мына бір бейнежазбада тұрғын үйлердің ауласы жанып жатыр. Тілсіз жау жер астына қазылған газ қондырғыларын да шарпуы мүмкін еді.

Абырой болғанда, құтқарушылар мен оларға көмектескен тұрғындар үлгерді. Сонымен қатар қала шетінде қураған қамыстар жанып, саяжайлар мен жер үйлерге қауіп төнді.  

Даниэль Саркисян, қалалық ТЖБ аға инженері:

- Демалыс күндері қала бойынша 16 гектар аумақ жанды. Зардап шеккендер жоқ. Ал өртті әдейі қойған адамдар іздестіріліп жатыр. Әзірге 7 адамға айыппұл салынды.