Түркістан облысына баратын туристер көбейді

Түркістан облысына баратын туристер көбейді

Әсіресе Өзбекстаннан келетін турист саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саяхатшылардың күрт көбеюі шекарадағы шектеудің алынып тасталуымен байланысты. Өңірдегі туристік ақпарат орталығының мәліметінше, көрші елден тәулігіне ондаған автобус өтеді екен. Сонымен қатар жеке көлікпен қатынауға да рұқсат берілген. Туристердің көбі көне Түркістан шаһары мен Арыстан баб кесенесіне барады. Айта кетейік, пандемияға дейін «Жібек жолы» шекара бекетінен тәулігіне 25 мыңға жуық адам өткен.

Ердос Халматов, туристік ақпарат орталығының маманы:

– Самарқандтан келіп, біздің Қазақстанға зияратқа келіп, мына жерге тіркеліп, машиналарының страховка, т.б. өтіп, әрі қарай зияратқа бүгін тіке 6-7 машина шықты. Міне, тағы да зияратқа шығып жатыр. Временный въезд 3 айға уақыт беріледі.