Қазақстанда қатерлі ісікке шалдығу көбейді

Қазақстанда қатерлі ісікке шалдығу көбейді

Былтыр 36 140 жағдай тіркелген. Қауіпті кеселге ұшырағандардың 59%-і еңбекке қабілетті жастағылар.

Сондай-ақ елде өлім-жітім бойынша қатерлі ісіктен қайтыс болу өкпе обырына ұшырағандар арасында басым.

Сондықтан дәрігерлер ісікті ерте диагностикалау өте маңызды екенін айтып отыр. Онкологиялық науқастарды емдеуге жылына 66 млрд астам теңге бөлінеді. Уақытылы скринингтік тексеруден өту керек. Бұл қандай кеселдің болсын алдын алуға зор мүмкіндік береді, дейді дәрігерлер.