Павлодар облысында киіктерді қорғау шарасы басталады 

Бүгіннен бастап өңірде киіктерді қорғауға арналған «Сайгак» кең ауқымды іс-шарасы басталмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір аптаға созылатын науқанның негізгі мақсаты – браконьерлерге қарсы күресті күшейту. Қызыл кітапқа енген киелі жануарлар Баянауыл және Май ауданындарында тіршілік етеді. Бүгінгі таңда олардың саны 8 мыңға жуықтаған. Фермерлер тарапынан ақбөкендердің жайылым жерлерді таптап жатқаны туралы ара-тұра шағымдар да айтылып жатады. Қазақстанда 2023 жылға дейін киік атуға мораторий жарияланған.

Жанна Белялова, облыстық ПД ресми өкілі:

– Осы кезеңде  рейдтік шаралар өкізіліп, заңсыз аң аулаушыларға қарсы күрес күшейтіледі. Олардың мүйіздерін сату жолдары кесіледі. Қызыл кітапқа енген киіктерді қорғау жұмыстары  ерекше  бақылауға  алынған.