Гүлмира Сатыбалды Универсиада нысандары қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді

newtimes.kz

Гүлмира Сатыбалды ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді.

Бұл туралы «Хабар 24» Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Гүлмира Сатыбалды 2019 жылы іс жүзінде орындалғаман құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеліп жатыр. Осыған ұқсас фактілер бойынша өзге өңірлерде де сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.

Арман Тлеукенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» басшылығына қатысты, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада нысандары үшін құрылыс-монтаждау жұмыстары нақты орындалмағаны үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.