Қостанай облысында құрылыс алаңы жайрап жатыр

Рудный қаласында қоршалмаған құрылыс алаңына кіріп, ойнап жүрген 9 жастағы бала қолын сындырып алды. Оқиға «Восточный» шағын ауданында болған. Мұнда үш жылдан бері ескі жер үйлер бұзылып, орнына көп қабатты кешендер салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Құрылыс болған қоқыс, құм үйінділері көп. Аумақ қараусыз, жайрап жатыр. Ал балалар үшін ойын алаңы тұрмақ, жай серуендейтін жер жоқ», - деп қынжылады жергілікті тұрғындар.

Қала әкімінің орынбасары Әнуар Есқатов  біздің тілшілердің сұрауына аумақты абаттандыруға биыл қаржы бөлінеді деп сендірген. 150 млн теңге жұмсалады. Үйінділер тазартылып, аумақ қоршалады.

Гүлнәр Құрышпаева, Рудный қаласының тұрғыны:

Балалар ойнайтын жер жоқ. Енді мен өз балаларым үшін қорқып отырмын. Басқалары да қорқып отыр. Қоршау салып берсін. Доп ойнайтын жер болсын. Екі жылдан бері ақша жоқ дейді. Үшінші жылға кетті. Енді ақша бөлінді дейді. Балалар алаңын саламыз деп. Қашанға дейін күтеміз? Бес-алты мынадай үйінді тұр. Басқа аулаларда да сондай үйінділер тұр. Осы «Восточный» көшесінде.