Нұр-Сұлтанда жаңа онлайн білім беру бағдарламасы таныстырылды

Бүгін Юнисеф пен Астана хаб ұйымдары бірлесіп әзірлеген инновациялық онлайн білім беру бағдарламасы қалың жұртқа таныстырылды. Ел мұғалімдері осы платформа арқылы мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқытудың жаңа әдістерін меңгеруге мүмкіндік алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

15 сағаттық курсқа Қазақстанның бірнеше өңірінен 16 мыңнан астам ұстаз қатысқан. Алдағы уақытта біліктілігін арттыруға ниеттілер осы платформаны тегін пайдалана алады. Ол үшін порталға кіріп, арнайы Кюаркодты сканерлеу жеткілікті.

Назира Мусина, мұғалім:

47 ерекше қажеттілігі бар балалар ортаға келгенде, мұғалімдер олармен қалай жұмыс жүргізу керектігінен қиыншылықтар туындайды. Осы таңда онлайн курсымыз өте тиімді өтті. Айти ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудағы көптеген бағдарламаларды үйретті