Ақтөбе қаласындағы 16 мектепте эвакуациялық пункт жасақталды

Ол жерлерге мыңнан аса адам орналастырылды.

Осыған байланысты мектептегі балалар онлайн білім алып жатыр. Оқушыларға арнайы бөлме жасақталып, қажетті оқулықтар үлестірілді. Қалаға әлі де су тасқынынан қауіп бар. Әсіресе, Қарғалы және Елек өзендері арнасынан асып, жағасындағы бау-бақша ұжымдарын су алып кетуі мүмкін. Осы күнге дейін облыс орталығында 119 жер үй мен 577 саяжайдағы баспананы су басқан.

Айсұлу Жақсыбаева, № 8 орта мектеп директоры:

- Медбикеден басқа бізде жақын жердегі №5 КДП-дан педиатор маманы келеді. Одан басқа біздер ер адамдарға, әйел адамдарға аптасына бір рет, қажет болса екі рет монша ұйымдастырамыз. Шаштараздар келіп, балаларға, ата-аналарға, ересек адамдарға шаш қиып жағдай жасап жатыр.