Каспий құбыры консорциумы толық қуатында жұмыс істеп тұр – Б.Ақшолақов

Каспий құбыры консорциумы толық қуатында жұмыс істеп тұр – Б.Ақшолақов
ҚазАқпарат

Каспий құбыр желісі консорциумындағы жұмыс жалғасып жатыр.

Осы орайда, екі жылжымалы айлақ қондырғысы іске қосылған, яғни сәуір айының соңында жөндеу жұмыстары аяқталды. «Бұл өз кезегінде мұнай құбырларының қуаттылығын 100% қамтамасыз етуге жеткілікті. Тағы бір апатты болған жылжымалы айлақ қондырғысы жөндеуде тұр. Атап айтқанда, бұл қондырғы осыған дейін жоспарлы жөндеуге тапсырылуы тиіс еді. Сондықтан ондағы жұмыстар жалғасады», – деді энергетика министрі Б.Ақшолақов. Министр Каспий құбыр желісі консорциумы толық көлемде жұмыс істеп тұрғанын нақтылады. Ол үшін жылжымалы айлақ қондырғысы мамыр айында толық жөндеуден өтетін болады. Биыл 20 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Каспий құбыры желісі консорциумындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақындағанын айтқан еді. Айта кетейік, биыл сәуір айының соңында Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жөндеуден кейін Новороссийск маңындағы теңіз терминалында жылжымалы айлақ (ВПУ-3) жұмысын қайта бастады.