«Қызыл кітапқа» енген өсімдікті кескендер анықталды

Жамбыл облысында қызыл кітапқа енген өсімдіктер кесілген. Мойынқұм ауданда жол жөндеу жұмыстарымен айналысатын компанияның сексеуіл ағаштарын заңсыз отаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстың полиция департаменті хабарлады. Ұйым жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз, жол жиектері енінің стандарттарын бұзған. Нәтижесінде, компанияның 5 текше метр «Қызыл кітапқа» енген өсімдікті жойғаны анықталды. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу  басталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Сексеуіл кесуге 2023 жылдың аяғына дейін тыйым салынған.